«Қостанай минералдары» АҚ-да дағдарысқа қарсы жоспар жүзеге асырылуда

ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Өндіріс көлемінің қысқаруына қарамастан, «Қостанай минералдары» АҚ-да «жұмысшыларды түбегейлі босату» жоспарланып отырған жоқ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы АҚ-ның басқарма төрағасы Қанат Жүсіпов мәлімдеді. «Қостанай минералдары» акционерлік қоғамы ? хризотил-асбест кенін шығаратын және байытатын Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын. Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі ? хризотил асбест кенін шығару мен байыту, осы негізде тауарлық асбест өнімін өндіру. Аталған өнім Үндістан, Өзбекстан, Қытай және Украина елдеріне жеткізіледі. Өткен жылы өнімді шет елдерге шығару 230 мың тоннаны құрады (бұл 2007 жылмен салыстырғанда 10%-ға артық.). Дегенмен, әлемдік экономикалық жағдайдың нашарлап кетуіне байланысты, кәсіпорын 2009 жылы өнім жеткізуді 180 мың тоннаға дейін қысқартуға мәжбүр. Қ.Жүсіпов мәлім еткендей, қалыптасып отырған жағдайларға байланысты, мұнда дағдарысқа қарсы бағдарлама жасалған. Осының ауқымында, «Қостанай минералдары» АҚ-ы ауыр жүк көтеретін қазіргі заманғы жаңа техникалар сатып алды, энергия қуатын пайдалану 40%-ға дейін азайтылды, өндірісте автоматтандырылған жүйе пайдаланыла бастады. Сондай-ақ, қосалқы саналатын цехтарға дербес әрекет ету мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Қ.Жүсіповтің айтуынша, мұндай шаралар мыңға тарта адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.Комбинат қуаты күн сайын 400 мың тоннадан астам әлемдік стандартқа сай хризотол-асбест шығаруға мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар