Қостанай Наурыз мерекесін атап өтуде

ҚОСТАНАЙ. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Қостанайда облыс әкімдігінің алдындағы алаңда Наурыз мерекесі кеңінен атап өтілуде.
None
None

Халықтық серуен театрландырылған көріністермен және мерекелік шерумен сүйемелденуде.

Жігіттердің Қостанайдың белгілі асыл тұқымды аттарында көрсеткен өнері көрермендерде ерекше әсер қалдырды. Қостанайда мерекені атап өтуге барлығы екі мыңнан астам адам жұмылдырылды.

Жиналған жұрттың алдында Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов сөз сөйлеп, реніштер кешіріліп, жақсы сөздер айтылуы тиіс бұл мерекенің адамгершілік мағынасын атап өтті. Әкім артып отырған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді еске салып, елде болашақ жетістіктер үшін берік іргетас қаланғандығын мәлім етті.

Ауа райының нашарлауы мен жауған қарға қарамастан, Қостанай жұртшылығы Наурызды көтеріңкі көңіл-күймен атап өтуде.

Соңғы жаңалықтар