Қостанай облысында 15 ауыл алғаш рет орталық сумен қамтылады

АСТАНА. KAZINFORM – Облыста «Үйге су» жобасы аясында 2 жыл ішінде 55 мың үй суға қосылған. Толығырақ өңір әкімі Құмар Ақсақалов айтып берді.

Кумар Аксакалов
Фото: Қостанай облысы әкімдігі

- Биыл сумен қамту және жабдықтау бағытында жалпы құны 20,0 млрд теңгеге 77 жоба қолға алынды. Соның нәтижесінде, 15 ауыл алғаш рет орталық сумен жабдықтауға қосылады, 41 ауылда кешенді блок-модульдер мен су тарату бекеттері орнатылады, сонымен қатар 4 ауыл мен 4 қалада сумен қамту деңгейі жақсарады, - деді Құмар Ақсақалов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып. 

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өңірде іске асырылып жатқан «Үйге су» жобасы аясында 2 жыл ішінде 55 мың үй суға қосылған. 

- Ауыл тұрғындарын сумен қамту көрсеткіштері жыл қорытындысы бойынша 90%-ға өседі. Облыс бойынша су желілердің тозуы 46,1%-дан 34,9%-ға төмендейді, - деп сендірді өңір басшысы. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай келесі жылы Қостанайда кореялық KIA көлігін шығара бастайды

Соңғы жаңалықтар