Қостанай облысында 4 миллион гектардан астам алқапқа астық егіледі

астық
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қостанайлықтар ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемін екі есеге арттыруды көздеп отыр. Соңғы 5 жылда былтырғы жылдың өніміне қарамастан бұл көрсеткіш 1,8 есеге өскен. 

2019-2023 жылдар аралығында облыста ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 667 млрд теңгені құрады. Тәуекелдерді барынша азайту және егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру тиімділігін арттыру мақсатында биылғы жылы топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу, сондай-ақ суды үнемдейтін технологияларды қолдану туралы шешім қабылданды.

- 256,6 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу тапсырмасы орындалды. Өткен жылы облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 53,9 мың тонна өнім сатып алған. Суды үнемдейтін технологияларды енгізуге келсек, бүгінгі күні олар 6,7 мың га алқапта (жаңбырлатып суару 6,5 мың га, тамшылатып суару 198 га) қолданылып жатыр. Биыл суды үнемдейтін суару технологияларын енгізу алаңы 14,1 мың гектарды құрап, 2030 жылы 29,6 мың гектарға дейін ұлғаюы тиіс», - деді облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов.

Егістіктерде алдағы маусымда 5 миллион 132,2 мың гектар алқапқа жаздық дақылдарды егу жоспарланған. Оның ішінде дәнді және бұршақ дақылдары – 4,2 млн га, майлы дақылдар – 746 мың га және мал азығы – 527 мың га (кейіннен егіс көлемі ұлғайған).

Соңғы жаңалықтар