Қостанай облысында 96 млн теңге аграрлық субсидияны ұрлағандар сотталды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Прокуратураның бастамасымен Қостанай облысында аса ірі мөлшерде аграрлық субсидияларды ұрлаған адамдар сотталды.

СҚО-да алаяқтық жолмен 50 миллион теңге субсидия алған кооператив басшысы ұсталды
Фото: freepik.com

Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында мал азығын арзандатуға бөлінген субсидияларды және селекциялық жұмыстар жүргізуге арналған қаржыны ұрлау фактілері анықталған.

- Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Қылмыстық істі Қостанай облысының прокуратурасы тексеріп, үш адамға қатысты іс сотқа жолданды, - делінген бақылаушы органның ақпаратында.

Тергеу нәтижесінде олардың кінәсі дәлелденді. Сотталушылар кінәсін толық мойындағандықтан, қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен қаралды.

Бейімбет Майлин аудандық сотының 2025 жылғы 4 қыркүйектегі үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Олар сот залында қамауға алынды.

Сонымен қатар, мемлекетке келтірілген залалды өтеу үшін сотталушылардан 96 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Қостанайдың сотталған экс-әкіміне тиесілі мейрамхана 91,4 млн теңгеге сатылды.

Соңғы жаңалықтар