Қостанай облысында ауа райына байланысты 174 жүк көлігі жолда қалып қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Қарлы боран мен көктайғақтың салдарынан Қостанай облысының жолдарында ауыр жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелген.

Қостанай облысында ауа райына байланысты 174 ауыр жүк көлігі жолда қалып қойды
Фото: КазАвтоЖол

Шектеулер төрт облыстық және екі республикалық маңызы бар жолда енгізілді.

Қазіргі уақытта Октябрь кенті мен Әулиекөл арасындағы автожолда Ақмола облысынан келе жатқан фуралар, Камаздар, Газельдер мен автобустарды қоса алғанда 174 ауыр жүк көлігі тұрып қалған.

Қостанай облысында ауа райына байланысты 174 ауыр жүк көлігі жолда қалып қойды
Фото: POLICE_KZ

Мәселен, полиция қызметкерлері Қырғызстаннан Ресейге бара жатқан автобусты тоқтатты. Салонда 4 бала, 5 әйел және 42 ер адам болды.

Қостанай облысында қолайсыз ауа райына байланысты 174 ауыр жүк көлігі жолда қалып қойды
Фото: POLICE_KZ

Ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысы қауіпті болып, жолаушылар жергілікті мектептің жылыту пунктіне орналастырылып, оларды сусынмен, тамақпен және түнейтін орынмен қамтамасыз етті.

Блокпосттардағы жол қауіпсіздігін патрульдік полицейлер, ТЖД, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері және жергілікті билік қамтамасыз етуде.

 

Соңғы жаңалықтар