Қостанай облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1 трлн теңгеден асады

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл Қостанай облысында агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 207 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы өңір әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті.

Қостанай
Фото: Дарья Аверченко/ Kazinform

— Агроөнеркәсіптік кешен экономиканың негізгі салаларының бірі болып қала береді. Осы жылы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 207 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе көп (170,0 млрд теңге). Соның арқасында биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 924 млрд теңгені құрады, ал жыл қорытындысы бойынша 1 трлн теңгеден асады деген жоспар бар. 7 млн тонна астық жиналды, — деді Қ. Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мал шаруашылығы саласында бүгінде облыста 7 өнеркәсіптік заманауи әрі цифрлық тауарлы-сүт фермасы пайдалануға берілді, ал 2026 жылы тағы 5 ферма іске қосылады. Осы жобаларды іске асыру арқылы ірі шаруашылықтарда сүт өндіруді 2 есеге (75,0-ден 152,0 мың тоннаға дейін) ұлғайтуға мүмкіндік болады.

— Мемлекет басшысы өз Жолдауында аграрлық сектордың терең өңдеу әлеуетін дамыту қажеттігін атап өткен. Облыста өндірілетін барлық өнімді қайта өңдеуіміз керек. Өңірде қойылған міндеттерді орындау үшін астықты терең өңдеу бойынша 1 жоба іске асырылып жатыр, — деді өңір әкімі.

Бұған дейін хабарланғандай, Қостанай облысы экономикасының барлық саласында оң серпін бар. 

Соңғы жаңалықтар