02:50, 09 Қараша 2025 | GMT +5
Қостанай облысында дизель отыны құйылған резервуар өртенді
АСТАНА. KAZINFORM – Қостанай облысының Үспеновка ауылында орналасқан кәсіпорын аумағында өрт шықты.
Алдын ала мәлімет бойынша, ЖШС-нің ашық алаңында автоцистернадан жерүсті резервуарға дизель отынын айдау кезінде өрт тұтанған.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген уақытта жалын автоцистерна мен резервуарды толық шарпыған.
Өрт сөндірушілердің кәсіби іс-әрекеттері мен ауа-механикалық көбікті тиімді қолдануының арқасында өрт толық сөндірілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның шығу себебі анықталуда.
Айта кетейік, ШҚО-да өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі 2 баланы құтқарып қалды.