Қостанай облысында елуден астам қасқырды атуға рұқсат берілді

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Түз тағысын атуға үй жануарларына шабуыл жасалған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Жануарларды ұстау шегі 53 бас болып бекітілді. 

қасқыр
Фото: Pixabay

Биологиялық негіздемеге сәйкес, жануарлар санын реттеу мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.

— Қостанай облысы бойынша 53 қасқырды жоюға рұқсат етілді. Айта кететін жайт, Қостанай облысында қасқыр санын реттеуге шектеу қойылған, қаңғыбас қасқырлар елдімекендер аумағына өтіп кеткен жағдайда ғана оларды атуға рұқсат етіледі, — деді жануарлар әлемі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Рустам Бидибаев.

Жануарды ату лицензиясын ҚР электронды лицензиялау веб-порталы — elicense.kz-тен алуға болады.