Қостанай облысында кезекте тұрған азаматтарға жылыту жүйесіне қосылмаған үйлер алынған

АСТАНА. KAZINFORM - Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған баспананы сатып алу кезінде заң бұзушылықтар анықталды.

офис сотрудник ноутбук работа қызметкер жұмыс
Фото: Kazinform

Прокуратураның қадағалау шараларынан кейін жалпы құны 42,3 млн теңге болатын екі пәтер бойынша анықталған кемшіліктер жойылып, белгіленген талаптарға сәйкестендірілді.

Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы бюджет, тұрғын үй және құрылыс заңнамасының сақталуына тексеру жүргізген. Нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі азаматтарға, оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы тұлғаларға арналған екі пәтерді екі пәтерлі тұрғын үйден сатып алғаны анықталды.

Алайда сатып алынған баспана белгіленген талаптарға сәйкес келмеген.

Атап айтқанда, пәтерлер қарапайым әрлеу жағдайында жылыту және газбен жабдықтау жүйелеріне қосылмаған болған, жылыту және газбен жабдықтау жүйелеріне қосылмаған. Үй-жайларды жылыту үшін электржылытқыштары пайдаланылған, бірақ оларды қолдануға қажетті техникалық шарттар болмаған.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде өнім беруші анықталған кемшіліктерді жедел жойып, тұрғын үйді белгіленген талаптарға сәйкестендірді.

-Сонымен қатар әкімдік осындай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін қосымша шаралар қабылдады. Енді сатып алынатын тұрғын үй уәкілетті органдардың қатысуымен алдын ала комиссиялық тексеруден өткізіледі. Жол берілген заң бұзушылықтар үшін жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Ақмола облысында дәрігердің қызметтік пәтерін қайтаруға прокуратура араласқаны туралы жаздық.