20:53, 01 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Қостанай облысында көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысында Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейін жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
— 2025 жылғы 1 желтоқсан сағат 20:30–да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай — Рудный — Денисовка -Комсомол — Қарабұтақ» автожолының 234-385 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысының шекарасы — Денисовка ауылы) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, — делінген компания таратқан мәліметте.
Жолды 2025 жылғы 2 желтоқсан сағат 00:00–де ашу жоспарланған.
Осыған дейін Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жол жабылғанын жазғанбыз.