Қостанай облысында жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР ЭМ Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметінше, Рудный аумағында жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулерін қала тұрғындары да сезілді. 

Қостанай облысында магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі тіркелді
Фото: pexels.com

Ресми мәлімдемеде жер сілкінісінің 2024 жылдың 27 шілдесінде таңғы сағат 9:54-те болғаны айтылған. 

– Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде сейсмикалық оқиға болды. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 52,81 градус, шығыс бойлық 63,28 градус. Магнитудасы mb=3,9. Энергетикалық класс К=9,4, - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар