Қостанай облысында мектептердің онлайн форматқа көшуіне не себеп болды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанай облысында эпидемиологиялық маусымның белсенді кезеңі басталып, ЖРВИ мен тұмау жағдайлары көбейіп жатыр. Бірқатар мектеп қашықтан оқытуға ауысты, инфекциялық стационарларда жүктеме артты.

мектеп
Фото: Максат Шагырбай / Kazinform

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ермұханбет Даулетбаевтың айтуынша, күз-қыс маусымында респираторлық инфекциялар санының өседі деп болжанған. 1 қазан мен 18 қараша аралығында облыста 36 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелген. Оның 21 мыңнан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар. Аурушаңдық өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе жоғары.

Зертханалық түрде тұмаудың маусымдық А (H3N2) штамының 18 жағдайы расталды. Науқастардың басым бөлігі – балалар.

Тек өткен аптаның өзінде 7 336 жаңа ЖРВИ жағдайы анықталып, бұл көрсеткіш алдыңғы аптадан 1,4 есе көп болды.

Сонымен қатар респираторлық вирустардың айналымына тұрақты мониторинг жүргізіліп отыр. Зерттелген сынамаларда мына вирустар басым:

риновирустар – 68,3%;

парагрипп – 18,1%;

боковирус – 18,1%;

аденовирус – 6,6%.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Баязитовтың айтуынша, медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Өңірде 260 инфекциялық төсек-орын развернут етілген (241 негізгі және 19 қосымша). Қазіргі уақытта олардың 252-сі толған, бұл — төсектердің 80%-ы. Қажет болған жағдайда тағы 69 төсек-орынды жедел ашуға мүмкіндік бар.

Стационарлардағы жүктемені азайту үшін алғашқы медициналық көмек деңгейінің жұмысы күшейтілді:

фильтр-кабинеттер жұмыс істейді (жұмыс күндері — 08:00–20:00, демалыс күндері — 16:00-ге дейін);

мобильді бригадалар күн сайын қызмет көрсетеді;

пациенттерді бөлу және қауіп тобына кіретін адамдарды бақылау ұйымдастырылған.

Өңірде ЖРВИ диагнозы қойылған 71 жүкті әйел тіркелген, оның 20-сы стационарда ем қабылдап жатыр.

Мектептерге келсек, Алтынсарин ауданындағы Силантьев мектебі толықтай онлайн форматқа ауыстырылды. Сонымен бірге Қостанай ауданындағы 10 мектепте және Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты жеке сыныптар қашықтан оқуға жіберілген. Барлығы 168 сынып, яғни 6 612 оқушы онлайн режимде білім алып жатыр.

Облыстық балалар ауруханасында 80 төсек-орын бар, оның 71-і толы. Науқастардың ішінде 59 бала — ЖРВИ диагнозымен. Өңірде тәулігіне шамамен 800 балада ЖРВИ тіркеледі.

Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін:

халық көп жиналатын орындарға бармауға;

жабық ғимараттарда медициналық маска тағуға;

қол гигиенасын сақтауға;

бөлмелерді жүйелі түрде желдетуге;

иммунитетті нығайтуға және салауатты өмір салтын ұстануға;

ауру белгілері бар балаларды мектеп пен балабақшаға жібермеуге кеңес береді.

Еске салайық, республика бойынша 132 мектептің 1469 сыныбы қашықтан оқуға көшкен.

Соңғы жаңалықтар