Қостанай облысында металл қалдықтарын заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — «Аят» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге түсті металдардың сынықтарын заңсыз әкету әрекеті әшкереленді. Жүктің құны — 15 млн теңге.

Қостанай облысында металл қалдықтарын заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды
Фото: Қостанай облыстық МКД

Шекарашылар Renault жүк көлігін тоқтатқанда, оның құжат бойынша бос екені жазылған. Алайда, тексеру кезінде көліктің ішіне металл жасырылғаны анықталды. Түсті металдардың қалдығы мен жез радиаторлардың жалпы салмағы 3 770 келі болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүктің құны шамамен — 15 миллион теңге. 

Тексеру барысында жүктің мұқият жасырылғаны анықталды: жүргізуші резервуардың алдыңғы жағына қосымша қақпақты дәнекерлеп, металды жасырған.

Тексеруге шекара наряды мен Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысты. Қазір алынған жүк сараптамаға жіберілді. Рәсімдер аяқталғаннан кейін іс материалдары сотқа беріледі.

Айта кетейік, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұйрығы бойынша елімізде металл сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салу уақыты ұзартылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум