Қостанай облысында жолдың бойын шегіртке қаптады

Саранча
Kazinform коллажы

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанай облысының оңтүстік бөлігіндегі тасжолда жергілікті тұрғындар шегіртке қаптап кеткенін көрген. Зиянкестер түсірілген видео мессенжер арқылы тарап жатыр. 

Амангелді ауданы аумақтық инспекциясының басшысы Жандос Саттаров видеоны түсіндірді. 

«Тоқанай кенті жанындағы тасжол (Жангелдин ауданы — авт.). Координаттар жазылды. Қолайсыз ауа райына байланысты мұнда екінші күн жұмыс істей алмай отырмыз. Жел басылса, жұмысты жалғастырамыз», — деді спикер. 

Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы шегірткеге қарсы күрес аясында облыстың 15 ауданында фитосанитарлық шаралар жүргізілетінін түсіндірді. 

10 маусымдағы жағдай бойынша 64290 мың гектар аумақта химиялық өңдеу жұмысы жүргізілген. 

Соның ішінде:

  • Амангелді ауданында 36,2 мың га өңделді
  • Арқалық қаласында 8,27 мың га өңделді
  • Жангелдин ауданында 6,6 мың га өңделді
  • Қамысты ауданында 11,97 мың га өңделді
  • Науырзым ауданында 1,25 мың га өңделді.

Еске сала кетсек, бұған дейін агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы егіс алқаптарында 72 техника жұмыс істеп жатқанын хабарлаған болатын:

  • 20 жердегі штангалы сепкіш 
  • 16 жердегі желдеткіш сепкіш 
  • аэрозольды газ генераторлары — 20, аса жеңіл авиация (дельтаплан түрінде) — 10
  • 6 жеңіл ұшақ.

Жалпы облыс бойынша қоймадағы пестицид қоры: 2431,8 мың гектардан астам аумаққа — 173,5 мың литр.

Соңғы жаңалықтар