Қостанай облысында жүргізуші куәлігінен дипломға дейінгі жалған құжаттар әшкереленді

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанай облысының прокуратурасы аймақ аумағында жеке тұлғалардың жұмысқа орналасу, мемлекеттік қызметтерді алу және жеңілдіктерді ресімдеу кезінде жалған құжаттарды дайындауы мен пайдалануының 36 фактісін тіркеді.

документы, отчет
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Тамыз айында шекара қызметінің қызметкерлері көлік құралын тіркеу туралы куәлікке енгізілген газ жабдығын орнату туралы жалған белгісі бар автомобильді пайдаланған жүргізушіні анықтады.

Сот кінәлі адамға10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Басқа жағдайда, жалған жүргізуші куәліктерін пайдаланғаны үшін екі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды, оларға 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Осы жылдың қараша айында облыс прокуратурасы жалған ветеринариялық анықтамаларды дайындаған және пайдаланған өңір тұрғынына қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.

Сонымен қатар, жалған жоғары білім туралы дипломның негізінде жалақыға үстемеақыны заңсыз алу фактісі анықталды.

— Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес құжаттарды қолдан жасағаны үшін 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу не қоғамдық жұмыстар, екі жылға дейінгі мерзімге шектеу не бас бостандығынан айыру түріндегі жауаптылыққа көзделген. Алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет немесе адамдар тобы жасаған қылмыс үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, түзеу не қоғамдық жұмыстарға қатысады, ал жекелеген жағдайларда 40 тәулікке дейін қамалады, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Қызылордада мектептің бас есепшісі мен мұғалімдер аса ірі мөлшерде мемлекет қаржысын жымқырған

Соңғы жаңалықтар