Қостанай облысындағы агрокомпания қоймасында 20 тонна шемішке өртеніп кетті

2 желтоқсан күні Пешковка ауылы «Трояна» ЖШС аумағындағы кептіру камерасынан өрт шықты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

өрт
Фото: видеодан кадр

200 шаршы метр аумақты қамтыған бөлек астық кептіргіштегі шемішке (шамамен 20 тонна) өртеніп кетті.

- Өрт 7.30 шамасында толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - технологиялық процестің бұзылуы, - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @qostanai_tjd

Соңғы жаңалықтар