Қостанай облысындағы елді мекенде көпір жарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысының полиция департаменті Наурызым ауданы Дәмді ауылы маңындағы көпірде жарықшақ пайда болғанын ескертті. Осының салдарынан көпірдің опырылып құлау қаупі төніп тұр. Ол жерде көлік қозғалысы тоқтатылды.

мост
Фото: Қостанай облысы ПД

Полиция қызметкерлері жолаушыларға жол жүруді алдын ала жоспарлап, түсіністікпен қарауды сұрады.

— Жезқазған-Петропавл республикалық тасжолы арқылы айналма жол қарастырылған. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, ресми ақпаратқа сүйеніңіздер, — делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ, Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев көпірдің қауіпті деп танылғанын растады.