Қостанай облысының Қарасу ауданында 5 тонна оралған пішен жанып кетті

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанай облысының Қарасу ауданында жер үйдің ауласындағы шаруашылыққа арналған екі нысанның 50 шаршы метрі отқа оранды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қостанай облысы
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне арағанда, өрт кезінде былтырғы жылғы 5 тоннаға жуық орама пішен жанып кетті.

Өрт сөндіруілер жалынды сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар