Қостанай облысының оқушылары аязға байланысты қашықтан оқиды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қаладағы бірінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

дистанционное обучение қашықтан оқыту школьники уроки оқушы сабақ
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Облыста ауа температурасы күрт төмендеп, жел күшейді.

Қостанай облысы білім басқармасының хабарлауынша, Рудный және Лисаков қалаларындағы 0-4-сыныптардың бірінші ауысымының оқушылары қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.

Қостанайда 0-7 сынып оқушылары онлайн оқитын болды.

Сондай-ақ, Қарабалық ауданында бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушыларына сабақ қашықтан өтеді. Ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеп, жел жылдамдығы 4 м/с дейін жетеді. Бастауыш мектептерде — 48 оқушы, сабақ сағат 12:00–де басталады.

Қостанай ауданында бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшірілді. Жітіқара ауданындағы мектептердің 0-8 сынып оқушыларының сабақтары да онлайн өтеді.

Денисов ауданындағы бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшірілді. Бұл өңірде аяз -28 градусқа дейін барады. 

— Ұзынкөл ауданында бірінші ауысымдағы төртінші сыныпқа дейінгі оқушылар (№ 1 Ұзынкөл ОМ, К.Дөненбаева атындағы ОМ -26°С), 11 сынып (Троебратская ОМ, Суворовская ОМ -30°С) оқытудың онлайн форматына ауыстырылды, қалғандары штаттық режимде оқып жатыр. Сондай-ақ, Бейімбет Майлин ауданындағы мектептерде 0-11 сыныптар арасындағы бірінші ауысымдағы оқушыларға сабақ сағат 12:00–ге ауыстырылды, — деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар