Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында жаңа басшы

ҚОСТАНАЙ. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Қостанай облысы әкімінің өкімімен Филиппов Федор Ильич Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып тағайындалуына байланысты Қарабалық ауылының әкімі қызметінен босатылды.
None
None

Ф.Филиппов 56 жаста, Троицк қаласының зооветеринарлық институтын «зооинженер» мамандығы бойынша тәмамдады, 1999 жылы Уральск мемлекеттік мал дәрігерлік медицинасы институтының аспирантурасын бітірді, ауыл шарушылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие.

Еңбек жолын Қостанай облысы Комсомольский ауданындағы «Боскөл» кеңшарының аға мал дәрігер-технигі болып бастады. 1998 жылы Қарабалық ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 2000 жылы - Әулиекөл ауданының әкімі болып тағайындалды. 2008 жылдан бастап Қостанай облысына қарасты Қарабалық ауданының әкімі қызметінде болды.

2007 жылы 2-ші дәрежелі «Достық», 1999 жылы «Құрмет», 2000 жылы «С.Радонежскийдің II-ші дәрежелі» ордендерімен, 2002 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 10 жыл», 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», 2005 жылы «Тыңға 50 жыл», 2006 жылы «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, 2005 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар