Қостанай облыстық экономика басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы әкімінің өкімімен облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы болып Ерлан Спанов тағайындалды.
None
None

Әкімнің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Е.Спанов 31 жаста, ол Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің түлегі. Мамандығы экономист-менеджер. Облыстық экономика басқармасында 10 жыл жұмыс істеген, осыған дейін басқарма басшысының орынбасары болған.

Басқарманың бұрынғы басшысы Галина Кисленкова бір ай бұрын қызметтен кету туралы өтініш жазған.

Соңғы жаңалықтар