13:22, 14 Ақпан 2009 | GMT +5
Қостанай облыстық ІІД ауған соғысының ардагерлерін құрметтеді
ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облыстық ІІД ақпанның 15-і қарсаңында (Кеңес әскерінің шығарылған күні) Ауғанстан соғысының ардагерлерін құттықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Құқық қорғау органында қызмет етіп жүрген және бүгінде еңбек демалысына шыққан 38 жауынгер марапатталды. Олардың барлығы да Қостанай облыстық ІІД-нің бастығы Болат Байжасаровтың қолынан естелік грамоталар алды. Сондай-ақ, ақшалай сыйақы да берілді.Ауған соғысының ардагерлері кеңесінің мүшелері Анатолий Харченко мен Эдуард Литвиновтар жиынға қатысушыларға өз алғыстарын айтты.