Қостанай облыстық ҚАЖД бастығының орынбасары іссапар кезінде қаза тапты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Бұл фактіге қатысты ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облыстық ҚАЖД бастығының орынбасары іссапар кезінде қаза тапты

«Осы жылдың 26 қыркүйегінде Қостанай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Нұр-Сұлтан қаласында іссапар кезінде қайтыс болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомствода.

Басқа деректер тергеуге байланысты жарияланбайды.