Қостанай облыстық полиция департаментінде кадрлық ауыс-түйіс болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қостанай облыстық полиция департаментінде бастықтың жедел жұмыс жөніндегі орынбасары қызметіне полиция полковнигі Дүйсембай Байбосынов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүйсембай Ахметұлы 1971 жылы Қостанай облысы Қарасу ауданында өмірге келген. Екі жоғары білімі бар. Ішкі істер органдарында 1996 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын Қарағанды облысы Шахтинск қалалық ІІБ-де қылмыстық іздеу бөлімінен бастаған. Түрлі жылдары Телман, Киров, Шахтинск және Теміртау қалалық полиция бөлімінің бастығы болған.

2019 жылы Қостанай облыстық ПД бастығының орынбасары болып тағайындалды.


Авторы Жанна Мұсабаева


Соңғы жаңалықтар