Қостанай облысы 2014 жылғы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ойдағыдай игерді - Н.Сәдуақасов
«Өткерген әр жылымыз - өміріміздің бір кішкентай бөлшегі. Біздің облысымыз 2014 жылғы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ойдағыдай игерді. Жаңа өндірістік кәсіпорындар ашылды, шағын және орта бизнес қарқынды жұмыс жасауда. Өңірде заманауи білім, спорт, денсаулық нысандарының саны артып келеді», - деп атап өтті Н.Сәдуақасов. Аймақ басшысы қолайсыз ауа райына қарамастан, диқандардың 4,5 млн. тонна астықты жинап алуын еңбектегі нағыз ерлікке балады. «Құрметті жерлестер, мен сіздерге ақ-адал еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Біздің облысымыздың табысты болуы сіздердің арқаларыңызда. Бұл әр жұмысшысының, әр еңбек ұжымының, түрлі кәсіптегі және жастағы адамдардың еңбектерінің жемісі. Біз енді өміріміздің жаңа парағын батыл аша аламыз. Үкілеген ақ үміттеріміз, жарқын жоспарларымыз 2015 жылмен байланысты. Жаңа жыл еліміздің игілігін арттырып, қазақстандықтардың бақ-берекесін молайтсын! Шын жүректен әрбір қостанайлық отбасыға денсаулық, бақыт, молшылық және барлық бастамаларында табысқа жетулерін тілеймін», - деп жүрекжарды тілегін білдірді аймақ басшысы.