18:44, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды
ҚОСТАНАЙ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Виктор Мейстер өз еркі бойынша қызметінен босатылды. Ол жұмыстан кету жөнінде өтініш жазды.

Бүгін облыстық әкімдікте В. Мейстер әріптестерінен жылы лебіздер мен тілектерді, ескерткіш сыйлықтарды қабылдады. Атап айтқанда, Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов Мейстердің үлкен тәжірибесін атап өтіп, өзінің кеңесшісі болуға ұсыныс жасады.
В. Мейстер коммуналдық салада тәжірибелі маман, ұзақ уақыт бойы ТКШ нысандарында жұмыс істеді, қостанайлық жылу компаниясын басқарды.