Қостанай облысы Қарабалық ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Бұған дейін хабарланғандай, Қарабалық ауданының бұрынғы әкімі Федор Филиппов облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметіне ауысты.
М.Соқытбаев 46 жаста, Қостанай облысы Әулиекөл ауданының тумасы. Жоғары білімі бар, 2011 жылы З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1983 жылы кеңшар жұмысшысы ретінде бастады, әскер қатарынан оралған соң Қостанай облысындағы Семиозерный ауданы «Новонежинский» кеңшарының экономисті мен бас есепшісі болып жұмыс істеді. Одан кейін Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданының «Аманат-98» ЖШС-де осындай қызмет атқарды, Қостанай облысы Қостанай ауданындағы «Сарыжайлау» ЖШС-нің директоры болды.
2003 жылдың қыркүйегінен бастап Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.