Қостанай облысы Наурызым ауданының жаңа әкімі тағайындалды

СТАНАЙ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен Наурызым ауданының жаңа әкімі тағайындалды.
None
None

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан әкім қызметіне соңғы уақытқа дейін «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы болып жұмыс істеген Амантай Балғарин тағайындалды.

49 жастағы Амантай Кәкімбекұлы Балғарин - ауыл шаруашылығы саласының маманы, оның бизнесте де, мемлекеттік қызметте де тәжірибесі мол.

Наурызым ауданының бұрынғы әкімі Боранбай Кеңесбаев өз еркімен өтініші бойынша қызметтен босатылды.

Соңғы жаңалықтар