Қостанай облысы Сарыкөл ауданының жаңа әкімі қызметіне бұрынғы мәжілісмен тағайындалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Азамат Тұрсыновты Сарыкөл ауданының әкімі қызметіне тағайындады.

Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Тұрсынов Мәжіліс сайлауына дейін 10 жыл бойы Қарасу ауданын басқарған.

Сарыкөл ауданының бұрынғы әкімі Қанат Ғабдуллин қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар