Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 4-тармағына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихатының депутаттарымен келісу бойынша жаңа аудан әкімін тағайындады, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қанат Сәрсембаев 35 жаста, Шымкент тумасы, жоғары білімді (халықаралық құқық жөніндегі маман, заң ғылымдарының кандидаты).
2000-2002 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінде маман, 2005 жылы - ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық басқармасының сарапшысы, 2011 жылға дейін ҚР Конституциялық Кеңесі Аппаратының құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі болды. Соңғы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.