09:32, 02 Маусым 2010 | GMT +5
Қостанай облысына қарасты ауылда орын алған өртті сөндіру барысында 3 адамның мәйіті табылды
АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Қостанай облысына қарасты ауылда орын алған өртті сөндіру барысында 3 адамның мәйіті табылды,
деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
ТЖМ мәліметтеріне сәйкес, маусымның 1-і күні Қостанай облысы Әулиекөл ауданына қарасты Қазанбасы ауылында 2 пәтерлі үй өрт құшағына оранған. 80 шаршы метр аумақты қамтыған өртті сөндіру барысында 3 адамның денесі табылған. Жалын тілі төрт сағаттан кейін ҚР ТЖМ Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталған.