Қостанай облысына Ресейден гуманитарлық көмек келді

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат –Қостанай қаласына Ресей Федерациясының гуманитарлық көмегі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Гуманитарлық көмекті қостанайлық үкіметтік емес ұйымдар қарсы алды. «ГрИн» Қостанай облыстық азаматтар альянсы» қоғамдық қорының төрайымы Динара Өтебаеваның айтуынша, көршілер көмегін «Урал-Евразия» сарапшылар клубы ұйымдастырған.

«Біздің облыстың волонтерлері көршілердің көмегін қарсы алды. Медициналық қорғаныш құралдары, маскалар, қолғаптар, антисептиктер зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға тапсырылады. Оларға термометрлер, тонометрлер, «Парацетамол» дәрісі мен дәрумендер жиынтығы жеткізіледі. Сонымен қатар, гуманитарлық көмек өңірдің волонтер жастарына да беріледі. «DamU.kst» жастар ұйымы, «Тұмар» және «Жанашар бол» қоғамдық қорларының еріктілеріне алғыс айтамын. Олар гуманитарлық көмекті көліктерден түсіруге көмектесті», - дейді Д.Өтебаева.

Ресейден келген көмек енді Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына жол тартады. Ресей азаматтық секторының өкілдері шілде айында Қазақстан өңірлеріне шамамен 8,5 млн теңгеге гуманитарлық көмек жіберген.


Соңғы жаңалықтар