Қостанай облысында 1,5 млн. гектар жерге егін егілді

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, аймақ басшысы Қамысты, Наурызым, Әулиекөл, Таран, Денисов, Жітіқара аудандарын аралап, ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесті.
Кездесу барысында шаруалар барлық ұйымдастыру жұмыстары шешілгенін айтты: «Өндірістік корпорация» АҚ арқылы оларға астық сатып алу үшін несие берілді, 100 пайыз жанар-жағармаймен қамтылды.
«Қазір ауа райы жағдайларына сәйкес, субсидиялау уақыты қарастырылуда. Олар 10 маусымға дейін созылатын болады. Егер де дихандар жақсы астық алса, олар уақытынан бұрын егіп тастауы ықтимал, ал ол уақыт 6 маусымға бекітілген», - деді аймақ басшысы.
Әкім сондай-ақ, шегірткемен күреске де дихандардың назарын аударды. ҚР АШМ аймақтық инспекциясының жетекшісі Болат Мирмановтың айтуынша, облыста 1 млн. га жерді тазалауға дәрі әкелініп, техника дайындалды. Жақын күндері тағы 470 мың га жерге жететін екпе жеткізіледі.
Жұмыс сапары барысында әкім мал шаруашылығымен айналысатын шаруалармен кездесті.
Олардың айтуынша, бүгінде кәсіпорындарды білікті мамандармен қамту проблемаға айналып отыр. Жыл сайын кәсіпорындар техника паркін жаңартады, оған нақыштанған мамандар қажет.
Аймақ басшысының айтуынша, жастар мен білікті мамандарды ауылға тарту үшін, өмір сүру деңгейін көтеру қажет, жалақыны көтеріп, мәдени, денсаулық сақтау, білім беру саласын дамыту қажет.