Қостанай облысында 1,5 мың қойдың қырылып қалуына қатысты тексеріс аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы шопанның өлімі мен қырылып қалған 1,5 мың қойға қатысты тексеру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

Жангелді ауданындағы шопан мен мың жарым бас қойдың қырылып қалғандығы жөніндегі қайғылы оқиғаға жүргізілген тексерулер жайлы Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы хабарлады. Арнайы тексеріс нәтижесі бойынша, 6 шілде күні  Жангелді ауданындағы «Айдос» шаруа қожалығының жұмысшысына қатысты қайғылы оқиға еңбек қызметіне байланысты деп танылды.

«Қаза тапқан азаматтың қанынан алкогольді ішімдік табылған жоқ. Арнайы тексеріс материалдары тиісті іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін Жангелді аудандық ішкі істер бөліміне жіберілді. Қайтыс болған азаматтың отбасына төленетін өтемақы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ҚР Азаматтық кодексіне сай сот органдарына берілген талаптық өтініш негізінде беріледі. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қайтыс болған асыраушының қарауындағы отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты жәрдемақы алу құқығына ие», - деп хабарлады басқарма.

Шілде айында Жангелді ауданында бақташы мен бір отар қой өртеніп кеткендігін естеріңізге саламыз. Өрт орнынан 56 жастағы шопанның мәйіті табылды. 

Соңғы жаңалықтар