Қостанай облысында 12 жасар қыз сырғанақтан құлап көз жұмды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының полицейлері Затобольск кентінде 12 жасар қыздың қаза болуына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қостанай облысында 12 жасар қыз сырғанақтан құлап көз жұмды

Қыз бала 3 қаңтар күні облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Ол мұз төбешігінен құлап жарақат алған. Зардап шегуші келесі күні көз жұмды.

«Қазіргі таңда қажетті сараптамалоар белгіленіп, сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашарина.