Қостанай облысында 24 жастағы қызды трактор басып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында «К-700» тракторы жаяу жүргіншіні басып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында 24 жастағы қызды трактор басып кетті

Оқиға Сарыкөл ауданының Сарыкөл ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, жаяу жүргінші құлаққап киген.

«К-700» тракторы 24 жастағы қызды басып кеткен. 54 жастағы трактор жүргізушісі жол үстінде келе жатқан қызды көрмей қалған. Жәбірленуші ауыр дене жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген полицияның ақпаратында.

Осы дерек бойынша полиция ҚР ҚК 345-бабымен қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары жүріп жатыр.

иллюстрациялық фото