09:38, 11 Қазан 2013 | GMT +5
Қостанай облысында 3 ер адам ажалын судан тапты
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Балықты ауылында Тобыл өзенінен өтпек болған 3 ер адам суға батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Батып кеткендердің екеуі 1975 жылы, біреуі 1994 жылы туғандар. ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД суда құтқару қызметінің күштерімен біреуінің денесі табылды, ал қалған екеуінің мәйіттері іздестірлуде.