10:38, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қостанай облысында 33 қылмыскер құрықталды
ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай полицейлері «Іздеу» іс-шарасының алты күнінде 33 қылмыскерді қолға түсірген, олардың төртеуі халықаралық іздеуде жүрген.
Мысалға, криминалды полиция қызметкерлері 2010 жылдың ақпанында танысына пышақ салған қылмыскерді тұтқындап, уақытша қамау абақтысына жапты. Құқық қорғаушылар қарақшыны Қостанай орталығында қыркүйектің 17-сі күні құрықтаған.
Алаяқтық жасаған Қостанай қаласының бір азаматшасына іздеу салынып, ол Украинаның Киев қаласында ұсталды. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, алдағы уақытта қашқын Қазақстанға жеткізілетін болады.