Қостанай облысында 500 домбырашы бір мезетте күй ойнады

None
None
АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Амангелді ауданында «Айналдым сенен, атамекенім» атты облыстық қызғалдақтар фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауқымды шараға облыстық басқарма басшылары, өзге облыстардың делегаттары, өнер қайраткерлері қатысты. Қызғалдақтар фестивалінің басты жаңалығы - ауданда тұңғыш рет 500 домбырашының қатысуымен күй ойналды. Мұны белгілі дирижер, ауданның құрметті азаматы Сапар Ахметжанов ұйымдастырды.

«Дайындық жұмыстары бірнеше күн бойы жүрді. Қатысушылар әр ауылдан келді. Енді Ұлттық домбыра күні мерекесіне мың домбырашының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынбақпыз. Бұл Аманкелді ауданы әкімінің жобасы. Осындай рухани іс шаралар арқылы жас ұрпақ ұлттық құндылықтарды сіңіре алады», - дейді Сапар Ахметжанов.
null null

Іс-шараның түстен кейінгі бағдарламасында ақындар айтысы, ұлттық ат спорты ойындары мен қызғалдақ түріндегі киімдер сайысы жоспарланған.

null

Соңғы жаңалықтар