Қостанай облысында 775 шақырым автожол жөндеуден өтеді

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 18,8 млрд теңгеге 37 жоба іске асырылады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов депутаттарға есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қостанай облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыс қолға алынған. Биыл 18,8 млрд теңгеге 37 жоба іске асырылады.

«Облыста 499 шақырым жол жөнделеді. Жобаның 20-сын қысқа дейін аяқтау жоспарланған. Жалпы көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға 70 млрд теңге жұмсалуы тиіс. Оған барлығы облыстың 775 км автожолын қалпына келтіру жоспарлануда. Ал аудан, қала көшелерін жөндеу мен қайта жаңартуға 24 млрд теңге қарастырылған», - дейді аймақ әкім.

Архимед Мұхамбетов 4,4 млрд теңге жұмсалып, қайта құрылып жатқан Қостанайдағы көпір жұмысына да тоқталды. Айта кетейік, халық арасында «Корей көпірі» атанған бұл нысан тұрғындардың шағымынан соң қайта жаңғыртылып отыр.

«Көпірдің әлеуметтік маңызы зор. Көктемгі су тасқыны кезінде Тобыл өзенінің маңындағы үйлердің дені су астында қалады. Көпір арнасын кеңейту арқылы біз қаланы табиғи апаттан сақтап қаламыз. Сонымен қатар, көпірдің жүру жолақтары да кеңейтіліп, көлік қозғалысы жеңілдейтін болады», – деді Архимед Мұхамбетов.

Бұған дейін Архимед Мұхамбетовтің облыстық мәслихат депутаттарына есеп бергенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар