Қостанай облысында анасы мен ұлы 24 жылдан кейін кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында бір-бірін 24 жыл көрмеген анасы мен ұлы кездесті. Балалар үйінің шәкірті Марат Бучиев өз жанұясын көп уақыт бойы іздеген. Бұған тегіндегі «и» әрпі кедергі келтірген, деп жазды «Костанайские новости».
None
None

«Тегі Бучиева болатын әйелді іздедім. Менің құжатымда осы тек жазылған. 2008 балалар үйінен кетіп, «Тазалықта» жол жұмысшысы, көлік жуу, техникалық қызмет көрсету стансасында, қоймада жүк көтеруші болып жұмыс істедім, тіпті монша үшін сыпыртқы дайындадым. Жұмыспен қатар анамды іздедім. Маған Төлегеновтар жанұясы көп көмектесті, олар анамды тапты. Белгілі болғандай, оның тегі Бучнева екен...» - деді Марат.

Мараттың анасы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының тұрғыны Рахила Бучнева болып шықты.

«1991 жылы 28 желтоқсанда мені тастап кеткен ер адамнан ұл тудым. Қайта құру, жұмыссыздық, сәбиді дүниеге әкелгеннен кейінгі күйзеліс - есімде еш нәрсе қалмаған. Мараттың әкесінің атының орнына атасының есімін жазғыздым... Кешір, есімді жиған соң сен туралы сұрай бастадым. Маған қайтыс болған деп айтты. Сен әлсіз болып туғансың, бар болғаны 2240. Кейін сені енем алып кетті, соңына балалар үйінде деді. Қатты қиналдым. Жыл сайын 28 желтоқсан мен үшін қаралы болды...», - деді Р.Бучнева ұлына.

Әйелдің сөзіне қарағанда, Мараттың жеті інісі мен қарындасы бар. «Сені іздеуге талпындық. Кешірші мені... Табылғаныңа шүкір», - деді Рахила.

Соңғы жаңалықтар