08:34, 23 Қараша 2015 | GMT +5
Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК.

«23 қарашада сағат 07-40-та Қостанай облысында бұрқасын мен көктайғақ салдарынан барлық бағыттар бойынша көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды»,- делінген хабарламада.