15:45, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Қостанай облысында аударылып қалған трактордың жүргізушісі қаза тапты
ҚОСТАНАЙ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Меңдіқара ауданының Алқау кентінен жеті шақырым қашықтықта трактор аударылып, оқиға салдарынан жүргізуші қаза тапты.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашаринаның хабарлағанындай, 38 жасар жүргізуші Т-40 тракторымен табын жылқыны басып озам деп, рөлге ие бола алмай қалып, тракторды аударып алды. Анықталғаны, жүргізуші сол кезде алкогольді мастық жағдайында болған екен.
Апатқа жол берген жүргізуші алған дене жарақаттарынан қаза тапты, оның 31 жасар жолаушысы тірі қалды. Ол аз ғана дене жарақаттарын алған.