08:23, 04 Маусым 2014 | GMT +5
Қостанай облысында «Ауди» жүргізушісі көлігімен өзенге батып кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Лоба ауылында оқыс оқиға орын алды.
Кеше, 3 маусым күні түскі сағат 13.15 шамасында жүргізушісінің басқара алмауы себебінен «Ауди» автокөлігі Обаған өзеніне батып кеткен. Көлік жүргізушісі 1983 жылы туған Р.Исмағұловтың денесін Қостанай облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің қызметкерлері сағат кешкі сегіздер шамасында алып шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.