20:30, 25 Қараша 2011 | GMT +5
Қостанай облысында ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің жәрмеңкесі өтеді
ҚОСТАНАЙ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Ертең таңертең Қостанай қаласында ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің жәрмеңкесі ашылады.

Қостанай әкімдігі ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы Тамара Петрухноның хабарлағанындай, қалыптасқан дәстүр бойынша жәрмеңке облыс орталығының Мұз сарайында өтеді.
Жәрмеңкеге облыстың 10 ауданы мен Қостанай қаласының тауар өндірушілері қатысады.