Қостанай облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында республикалық маңызы бар барлық жолдар жабылды, хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қазавтожол» АҚ-на сілтеме жасап.
None
None

Қостанай облысында республикалық маңызға ие жолдар барлық бағыт бойынша сағат 20.00-ден бастап жабық. Тек «Қостанай-Рудный» және «Қостанай-Қарабалық» учаскелерінде ішкі жолдар ғана ашылды. «Қазавтожол» АҚ бұл жолдар бензинмен жүретін автокөліктер үшін ғана ашық екенін ескертеді.

Бұған дейін облыстық ТЖД баспасөз қызметі Сарыкөл ауданында екі балықшының адасып кеткенін хабарлаған болатын.

Аяздың күшейіп кетуіне байланысты Қостанай облысының ТЖД үсік шалған уақытта алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндіріп, аяз кезінде адам өзін қалай сақтандыру керектігін еске салады.

Соңғы жаңалықтар