Қостанай облысында бір ай ішінде 1,3 млн.теңге бюджет қаражатының жымқырылғаны анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының қаржылық бақылау инспекторлары 2015 жылдың шілде айында жалпы сомасы 1,3 млн.теңге бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Жымқыру облыстың Қарасу ауданының білім беру бөлімінің «Балапан» балабақшасының бухгалтері пен меңгерушісінің қаражатты өздерінің шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылған.

Қазіргі уақытта бақылау іс-шаралары жалғасуда, тексерудің алдын ала қорытындылары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне жолданды.

Соңғы жаңалықтар