Қостанай облысында бір табын бұзауды ұрлағандар ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жітіқара ауданында бір серіктестіктен 13 бұзауды ұрлап әкеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында бір табын бұзауды ұрлағандар ұсталды

Облыстық полиция департаментінде атап өтілгендей, күдіктілер жергілікті ЖШС-на 2,3 млн теңге шығын келтірген. Полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысты үш адамды қолға түсірді.

«Күдіктілер ЖШС ауласының күзет үйшігіне кіріп, 41 жастағы малшыны байлап тастап, 13 бұзауды ұрлап кеткен. Түлікті Тарна ауданының Валерьяновка ауылына айдап жібергені анықталды. Күдіктілер арнайы бетперде киген. Полицейлердің жедел қызмет етуінің арқасында бұзаулар иесіне қайтарылды», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторында.