Қостанай облысында битум тапшылығынан жол жөнделмей қалу қаупі бар

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аталған өңірде жол жөндеу үшін жыл соңына дейін 43 мың тонна битум қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай және Маңғыстау облыстары бойынша дирекциясының бастамасымен жол-құрылыс компанияларының өкілдерімен битум тапшылығы және оны мұнай өңдеу зауыттарынан Қостанай облысына жеткізу мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңындағы жиынға облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аумақтық департаменттерінің, «ҚазАвтоЖол» АҚ, «CASPI BITUM» «БК» ЖШС өкілдері қатысты.

Облыста битум жетіспеушілігі байқалады. Тапшылық 500 шақырымға жуық жолды жөндеуге кедергі келтіріп отыр. Облыстың битумға деген қажеттілігі жыл соңына дейін 43 мың тонна болмақ. Соған қарамастан қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары битумды экспортқа шығарады.

Битум тапшылығы мәселесіне арналған дөңгелек үстел қорытындысында Маңғыстау облысы бойынша өңірлік бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті қостанайлық мердігерлердің ұжымдық өтініші негізінде «Қаражанбасмұнай» АҚ еншілес компаниясы «CASPI BITUM «БК» ЖШС-іне тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды.


Соңғы жаңалықтар
telegram